Бағасы 11 пайызға өскен: Елімізде макарон қымбаттап кетті
Жарияланған күні:
Қазақстанда бір жыл ішінде макарон өнімдерінің бағасы 11 пайызға өскен. Ал өндіріс бірден 13 пайызға төмендеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Energyprom.kz дерегінше, ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында елімізде 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус және өзге де осыған ұқсас ұн өнімдері өндірілген. Алайда бұл өткен жылға қарағанда 13,3 пайызға аз.
Облыстар арасында макарон шығару жағынан Шымкент көш бастады – 17,8 мың тонна. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (16,7 мың тонна) және Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна) кіріп отыр.
2021 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша отандық компаниялар макарон өнімдеріне сұранысты 82,3 пайызға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 84,7 пайыз болатын. Елге 18,9 мың тонна өнім әкелінді – былтырғымен салыстырғанда 2,2 пайызға көп.
Ішкі нарықта өнім өткізу бір жылда 20,5 пайызға, 71,3 мың тоннаға дейін төмендеді. Ал экспорт 11,9 пайызға, 35 мың тоннаға дейін өскен.
"Тамыз айының қорытындысы бойынша макарон өнімдері бір айда 1,3 пайызға, ал бір жыл ішінде 11,1 пайызға қымбаттады. Әсіресе, Атырау облысында (22 пайызға), Қызылорда (18,4 пайызға) және Қарағанды облыстарында (17,5 пайызға) баға қатты өсті", - делінген хабарламада.
Макарон өнімдері арасында бір жыл ішінде кеспе 12,4 пайызға, спагетти 11,5 пайызға, вермишель 10,9 пайызға, рожки 10,7 пайызға қымбаттады.
Күздің алғашқы айында базарлар мен дүкендерде кеспенің бір келісі 782 теңге, вермишель 374 теңге, рожки 361 теңге тұрды.
Бұған дейін Қазақстанның астық одағы макарон өнімдерінің бағасы өсетінін мәлімдеген еді. Себебі нарықта шикізат құны көтерілген. Оған биылғы құрғақшылық салдарынан бидай түсімінің аз болуы себеп.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1935217-elimizde-makaron-qymbattap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.