Еліміздің қай өңірінде жылу бағасы қымбаттап кетті
Жарияланған күні:
Күзгі және қысқы уақытта тұрғындардың басты проблемасы коммуналдық төлемдер болатыны анық. Осы орайда ел өңірлеріндегі жылу құнының бағасын назарға ұсынамыз.
Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан энергетиктері ел тұрғындарын 55,8 миллион гигакалорий жылу энергиясымен қамтыған. Бұл туралы EnergyProm мониторингтік агенттігі хабарлайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8,1% пайызға артық. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 3,8%-ға аз болған.
Жылу энергиясының өндірісі мен шығын көлемі жыл сайын ауа райы мен өзге де факторларға байланысты өзгеріп отырады.
Өңірлер бойынша қарастырсақ, жыл басынан бері ең көп энергия Павлодар облысында өндірілген екен (8,5 миллион гигакалорий). Екінші орында 8 миллион гигакалорий өндірген Қарағанды облысы тұр.
Қазақстан өңірлеріндегі тарифтер құнына тоқтала кетсек. Орта есеппен алғанда, биылғы жылдың қыркүйек айында орталық жылу құны бір гигакалорий үшін 3 522 мың теңгені құраған.
Жылу ең қымбат өңірлер көшін Атырау бастап тұр. Жылу құны онда 5 383 теңгеге тең.
Одан кейін бір гигакалорий жылу 5 104 теңге тұратын Шымкент пен Қостанай тізімді жалғастырады.
Көкшетау тұрғындары болса, керісінше, жылуға ең аз төлейтін болып шықты. Олар бір гигакалорий жылу үшін бар-жоғы 1 805 теңге төлейді екен.
Павлодар өңірінің тұрғындары да жылуға салыстырмалы түрде көп төлемейді. Бір гигакалорий жылу өңірде 2 392 теңгеге бағаланып отыр.
Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында жылу құны аса қымбат емес. Астаналықтар 1 гигакалорий жылу үшін 2 454 теңге төлейді екен. Қарағанды мен Петропавл да жылу құны орташа деп бағаланып отырған өңірлер қатарында. Сәйкесінше, аталған өңірлерде жылуға 3 407 және 3 645 теңге төленеді.
Айта кетерлік бір жайт, Қазақстандағы орталық жылу құны өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша тарифтер 1,2%-ға төмендеген.
Десе де, жылу қымбаттап кеткен өңірлер де жоқ емес. Ақтөбеде облысында жылу 15,2%-ға қымбаттаса, Ақмола мен Қарағандыда бір жыл ішінде жылу бағасы 5,9%-ға дейін артқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1937109-elimizdin-qai-onirinde-zylu-bagasy-qymbattap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.