Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баспана кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттен тегін үй беріле ме

Опубликовано:

құрылыс нысаны
Фото: NUR.KZ/Третьяков

Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесі ел тұрғындары үшін ең өзекті тақырыптың бірі. Оны шешудің бірнеше жолы бар: тікелей сатып алу, банктердің ипотекалық бағдарламалары, қызметтік пәтер алу, жалға алып, кейін толық сатып алу, мемлекеттік бағдарлама арқылы алу немесе азаматтардың жекелеген тобына әкімдіктен берілетін үйлер. KAZ.NUR.KZ тілшісі тұрғын үй кезегінде тұрғандарға қандай жеңілдік қарастырылғаны туралы баяндайды.

Елімізде үй кезегіне тұра алатын адамдар санаты электронды үкімет порталында бекітілген. Ең алдымен, тұрғын үй кезегіне тұру үшін азамат өзі баспаналы болғысы келетін елдімекенде тұрақты тұруы тиіс.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға үміткерлер тізімі төмендегідей:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері

- жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасына жататын азаматтар

- халықтың әлеуметтік әлсіз топтары

- мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер және мемлекеттік сайлау лауазымындағылар

- Жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар

Еліміздің заңнамасы бойынша азаматтарға тұрғын үй тегін берілмейді. Бұл туралы сала маманы түсіндіріп өтті. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының есепке алу және тұрғын үйді бөлу бөлімінің басшысы Жұлдызай Ордабекова қазіргі таңда тұрғын үйге қол жеткізудің екі бағыты жүзеге асып жатқанын айтады.

"Бірінші бағыты - сатып алу құқығынсыз арендалық пәтерлер және екіншісі - несиелік негізде берілетін пәтерлер. Кезекте тұрған азаматтар қалауы бойынша арендалық тұрғын үймен қамтылады, егер олар кезек күткісі келмесе, несиелік жолмен баспанаға ие бола алады", - дейді ол.

Несиелік жолмен тұрғын үйге қол жеткізуде кезекте тұрған азаматтарға жеңілдетілген бағдарламалар қарастырылған. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2019 жылдың маусым айында «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, ол бойынша 20 жылға 10 пайыздық алғашқы жарнамен жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз жеңілдетілген ипотека беріледі. Сондай-ақ, үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтар Нұрлы жер бағдарламасының жаңа бағыты "Шаңырақ" жобасына қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен, 10 пайыз алғашқы жарна арқылы 20 жылға несие алу мүмкіндігі берілген.

Соңғы деректерге сай, республика бойынша кезекте тұрған­дар саны – 562 мың адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1941681-baspana-kezeginde-turgan-azamattarga-memleketten-tegin-ui-berile-me/

pixel