Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2022 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Жарияланған күні:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

2022 жылдан бастап мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлердің жалақысы өседі. Олардың саны шамамен 588 мың, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақы деңгейін арттыру жөнінде дәйекті шаралар қабылдауда. Мәселен, 2020 жылдан бастап педагогтардың жалақысы кезең-кезеңімен артып, 2023 жылға қарай ол 2 есеге артады. 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды, нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады.

2022 жылдан бастап мұндай жоғарылау әсер етпеген санаттардың жалақысы ұлғаяды. Олар – мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және тaғы басқалары шамамен 588 мың адам. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Жалпы 1,2 миллионға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы жоғарыламақ.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысында халықтың атаулы табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға, инфляцияны ескергенде – 6%-ға өскені белігілі болды.

2021 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 243,7 теңгеге жетіп, өткен жылдың үшінші тоқсанынан 19% артық деңгейді көрсетті. Бұл ретте инфляцияны ескере отырып, нақты мәнде жалақының өсуі 9,8%-ды құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1943514-qazaqstanda-2022-zyly-kimderdin-zalaqysy-osetini-belgili-boldy/