Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қағаз ақша жыртылса не істеу керек

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарды сараптамадан өткізу басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев ұлттық валютадағы бүлінген банкноттарды айырбастауды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы бірінші деңгейдегі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамадан өткізу үшін әртүрлі банкноттар түсіп жатады, олар: тозған, күйген, жыртылған ақшалар. Бұл банкноттардың барлығы фрагменттері бойынша қайта құрастырылып, қалпына келтіріледі. Жыл басынан бері Ұлттық банк жарамдылығы күмән тудыратын банкноттар мен монеталардың 3079-ын қабылдап, солардың арасынан 2542 банкнотты айырбастап берді. Олардың көбі жыртылған, күйген, ескіріп, жуылып кеткен.

Егер банкноттың 50%-дан көп бөлігі жақсы сақталған болса, оны Ұлттық банк филиалдарына жарамдылығы жағынан күмәнді банкнот ретінде сараптамаға тапсырып, шын ақша екенін тексертуге болады", - деді ол.

  • Ол үшін банкноттың қалған бөлігін ұқыптап жинап алу керек. Қандай жағдайға қарамастан, банкнотты бүлінген дүниенің ішінен, әмияннан, басқа да ыдыстан алмаған дұрыс.
  • Әйтпесе банкноттар одан бетер жыртылып, оның шын ақша екенін анықтау қиынға түседі. Бүлінген ақшаны жұмсақ затқа орап, үлкендеу қорапқа салып алу керек.
  • Осыдан кейін оны сараптамадан өткізу үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өткізесіз. Тексеруге болатын, аумағы сақталған бүлінген банкноттар жаңа ақшаға айырбасталады. Алайда, оны тексеру біраз уақыт алуы мүмкін. Ең бастысы, сараптама тегін жасалады.

"Егер банкнот өз көлемінің кемінде 70 пайыз сақтаған болса және оның номиналын көрсететін (жазбаша және сан түріндегі) сандар қатты бүлінбеген болса (егер банкноттың шын ақша екенін растауға кедергі болмаса), ескіргеніне қарамастан, ол төлемге жарамды ақшаға айырбасталады. Ондай банкноттарды екінші деңгейлі банктерге, Ұлттық банк филиалдарына немесе "Қазпоштаға" барып, айырбастап алуға болады", - деді Асқат Мұқамадиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1945713-qagaz-aqsa-zyrtylsa-ne-isteu-kerek/

pixel