Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Google Pay-ді қос, Банк Хоум Кредиттен бонус ал

Опубликовано:

Банк Хоум Кредит google pay
Фото: Банк Хоум Кредит

Банк Хоум Кредит Қазақстанда VISA карталарынан жанаспай төлемдер жасауға мүмкіндік беретін Google Pay-ді іске қосты.

Осыған орай, банк науқан жариялады: банктің төлем карталары мен Google Pay арқылы 3 операция жасаған алғашқы 5 000 клиентке 5 000 теңге бонус беріледі.

Жанаспай төлем жасау технологиясы өз қолайлылығына байланысты клиенттер арасында бұрыннан танымал, ол келесі мүмкіндіктер береді:

  • Орнату оңай: NFC қолдауымен Android операциялық жүйесіндегі смартфондарға арналған Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасында Google Pay-ге Банк Хоум Кредит дебеттік немесе несиелік картасын тіркеу жеткілікті;
  • Төлеуге ыңғайлы: картаны тіркегеннен кейін клиенттер смартфон мен смарт-сағат арқылы VISA картасын қабылдайтын барлық жерде: әлем бойынша дүкендерде, онлайн – Google Pay технологиясы бар сайттар мен қосымшаларда төлем жасай алады.
  • Google Pay операциялардың жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді: сатып алу үшін төлем жасағанда клиенттің карта нөмірі жарияланбайды.

Қызметке NFC жанаспай төлем жасау модулі бар Android операциялық жүйелі смартфондар, сондай-ақ жанасусыз NFC чипімен жабдықталған смарт-сағаттар және NFC технологиясы бар банкоматтар қолдау көрсетеді.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1945716-google-pay-di-qos-bank-xoum-kreditten-bonus-al/

pixel