Қазақстанда келесі жылдан бастап жәрдемақылар қанша пайызға өседі
Жарияланған күні:
Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияға сәйкес жыл сайын өсіп отырады. 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткіш 5 пайызға индексациялау көзделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгені, ал айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болды.
2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 триллион теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 миллиард теңге көзделуде.
- 2,3 миллионға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7 пайызға және базалық зейнетақы төлемін 5 пайызға, жалпы сомасы 138,3 миллиард теңгеге артады деп жоспарланған.
- 1,9 миллион алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 миллиард теңгеге, 5 пайызға артады.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жәрдемақы мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алатындар саны 5,1 миллион адам болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1946741-qazaqstanda-kelesi-zyldan-bastap-zardemaqylar-qansa-paiyzga-osedi/