Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақының орташа мөлшері қанша

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: pxhere.com

Қазақстандықтарға жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 357 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 7,6 млрд теңге жұмсалған.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 520,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 161,9 мың адамды құрап отыр.

"Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады" делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 198 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 46 050 теңгені құрады.

Айта кетейік, 2021 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 283,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 74 млрд теңге бағытталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1946833-elimizde-asyrausysynan-aiyrylgandarga-beriletin-zardemaqynyn-ortasa-molseri-qansa/

pixel