Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын "Отбасы Банкіне" аудару: Депозитті қалай пайдаланған дұрыс

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Отбасы Банкінің" Instagram парақшасында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы депозитке аудару қашан мүмкін болатыны туралы ақпарат жарияланды.

"Достар, жақын арада сіз өзіңіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы Отбасы банктегі депозитіңізге аудара алатын боласыздар!

"Отбасы банктегі салымды толықтыру" батырмасы қашан және қалай пайда болатыны туралы ақпаратты сәл кейін жариялаймыз. Ал әзірше БЗТ есебінен толықтырылған депозитпен не істеуге болады және не істеуге болмайтыны туралы ақпаратпен танысыңыздар", - делінген хабарламада.

БЗТ қосылған депозиттерге тұрғын үй құрылыс жинағының стандартты шарттары қолданылатын болады.

Яғни депозиттерге Банктің жылдық 2 пайыз мөлшеріндегі сыйақысы және 20 пайыз мемлекеттік сыйлықақы (жыл нәтижесі бойынша жинақталған 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомаға) есептеледі.

Сонымен қатар келесідей әрекеттерді жасауға болмайды:

  • Салымды жауып, зейнетақы төлемдерін шешіп алуға болмайды. Шотты жапқан кезде ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.
  • Мұндай депозиттерді туыстарыңызға табыстаған кезде, депозиттегі БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.
  • Депозитті бөлген кезде тек өз жинақтарыңызды және банк сыйақысын алуға болады, егер депозиттің мерзімі 3 жыл және одан көп болса онда мемлекет сыйлықақысын да қоса аласыз, бірақ БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылатын болады.
  • Бір адамның атында бірнеше депозит болса және олардың бірінің құрамында БЗТ қаражаты қосылған депозит болса депозиттерді қосуға болады. Немесе екі адамның депозиттері ал БЗТ қаражаты депозитті қабылдаушы тараптың атында болған жағдайда қосуға рұқсат беріледі.
  • Интернет-банкингте біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды үшінші тұлғаның кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.
  • Бір жолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған Отбасы банктегі салымдар үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1946885-zeinetaqy-zinagyn-otbasy-bankine-audaru-depozitti-qalai-paidalangan-durys/

pixel