Қазақстанда бастапқы жарнасы 5%-дан басталатын ипотека қолжетімді
Жарияланған күні:

Енді жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша ең тиімді шарттармен баспана алуға болады.
Баспаналы болуды армандайсыз, алайда оған қажетті қаражатты жинай алмай жүрсіз бе? Бастапқы жарна ретінде баспана құнының 30%-ын төлеуді қажет ететін ипотека да қолжетімсіз болып көріне ме?
Сбербанкте «Жанұя» атты жаңа бағдарлама бойынша бұрын-соңды болмаған 5%-дан басталатын төмен бастапқы жарнамен ипотека рәсімдеу арқылы бірегей мүмкіндікке ие боласыз. Иә-иә, табыс көзін растаған жағдайда, небәрі 5%, табыс көзін растамайтын клиенттер үшін – 20%. Егер сізде мұндай қаражат болмаса, көлігіңізді бастапқы жарнаның орнына бере аласыз. Мұндай жағдайда темір тұлпарыңыз өзіңізде қалады.
Аталғандардан бөлек, Сбербанк Қазақстан мен «Qazaq Stroy» ЖШС-ның бірлесіп жасаған бағдарламасының басқа да маңызды артықшылықтары бар, олар: 0,1%-дан басталатын төмен пайыздық мөлшерлеме және қарыз сомасы 70 миллион теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі – 1 жылдан 15 жылға дейін, салынып жатқан баспананы кепілге қою арқылы сатып алу мүмкіндігі бар.
Бағдарлама 1 желтоқсаннан бастап іске қосылды.
«Сбербанк» АҚ ЕБ мен «Qazaq Stroy» ЖШС-ның бірлескен бағдарламасының аясында баспана тікелей құрылыс иесінен сатып алынады, ал ипотекалық несиені қарау және мақұлдау тез арада жүзеге асырылады.
«Бұл жолы Банк Алматы қаласындағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі – «Qazaq Stroy» ЖШС-мен бірлесіп бірегей бағдарлама әзірлеп, оны нарыққа шығарды. Бастапқы жарна 5%-дан басталады, ипотека бойынша төмен мөлшерлемелер және Qazaq Story ұсынып отырған қолжетімді бағалар – мұның барлығы мыңдаған қазақстандықтарға армандарын кейінге шегеріп қоймай, баспаналы болуға мүмкіндік береді. Ипотека ешқашан мұндай жеңіл әрі оңай болған емес, сондықтан бағдарлама халықтың көңілінен шығады деген ойдамыз!», - деді Магомед Гулаев, «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарушы директоры.
«Баспаналы болатын қазақстандықтардың санының көбейетініне қуаныштымыз. Енді кезекте тұрудың, ұзақ мерзім бойы ақша жинаудың қажеті жоқ, ипотеканың барынша тиімді шарттарын таңдап, қазір-ақ өз пәтеріңізде тұруға болады. Ал қазақстандықтар үшін біз, Qazaq Stroy, әдеттегідей, баспананы төмен бағамен ұсынамыз!», - деп атап өтті «Qazaq Stroy» ЖШС директоры Дмитрий Ли.
Сбербанктің еліміздегі кез келген бөлімшесінде бағдарлама шарттарымен толығырақ танысып, өтінім қалдыра аласыз.
СЖТМ 0,1 %-дан бастап.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 жылы берген №1.2.199/93/31 лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1947706-qazaqstanda-bastapqy-zarnasy-5-dan-bastalatyn-ipoteka-qolzetimdi/