Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда шетел валютасын айырбастау ережелері өзгерді

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық банк басқармасының қаулысымен қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Құжат НҚА эталондық бақылау банкінде жарияланды.

Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 мың теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында:

  • клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі);
  • клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
  • клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері – құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі;
  • клиенттің заңды мекенжайы тіркеледі.

Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 мың теңге баламасынан аспайтын сомаға айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі.

Клиенттің заңды мекенжайын қоспағанда, клиенттің деректерін тізілімдер журналында тіркеу клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректері негізінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаға айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол ұлттық немесе қолма-қол шетел валютасының болмауы себебінен айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылған кезде, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талабы бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрі мен сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, еркін нысандағы анықтаманы береді.

Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркеледі.

Барлық өзгертулермен қаулы мәтінін оқып, танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1949402-qazaqstanda-setel-valyutasyn-aiyrbastau-erezeleri-ozgerdi/