Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың несиесі кешірілетіні рас па: Ұлттық банк пікір білдірді

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желілерде 15-не дейін өтініш берген қазақстандықтардың барлық банктік қарыздары толық өтелетіні туралы хабарлама таратылуда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі несиелік рақымшылық жасау туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы stopfake.kz сайтында хабарланды.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан несиелерді өтеу туралы фейк жаңалықтар шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ-тан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды", – делінген ведомстволардың бірлескен хабарламасында.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Қазнетте несиелерді өтеу туралы осындай ақпарат кеңінен тараған болатын.

Қазіргі таңда полиция хабарлама авторын іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1950058-ulttyq-bank-qazaqstandyqtardyn-nesieleri-oteletini-zaily-aqparattarga-pikir-bildirdi/

pixel