Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде валюта айырбастау орындарының жұмысы уақытша тоқтатылды

Жарияланған күні:

Доллар мен теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда валюта айырбастау орындарының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мемлекет басшысының қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның ұлттық банкі интернет жұмысының тұрақсыздығына және Алматы мен өзге өңірлерде контртеррорлық операциялардың жалғасуына байланысты банк жүйесінің жұмысын қалпына келтіру банк сервистерінің тұрғындар мен бизнес үшін басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын хабарлайды", - делінген ҰБ хабарламасында.

Сондай-ақ, Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, 10 қаңтардан бастап қаржы секторы мен мемлекеттік бюджеттегі теңге түріндегі төлемдерді жүзеге асыру үшін, оның ішінде зейнетақылар, жәрдемақылар мен жалақыларды азаматтардың шоттарына түсіру үшін "Ұлттық банктің банкаралық есептерінің қазақстандық орталығы" РММ төлем жүйелері штаттық режимде іске қосылады. Ұлттық банк өкілдерінің сөзінше, бұл, бірінші кезекте, ел аумағында тұрғындар мен бизнестің ішкі есептерін ұлттық валютада жүзеге асырудың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, қаржы ұйымдарының өтімділігін қолдау мақсатында Қазақстан қор биржасында (KASE) 10 қаңтардан бастап репо және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы операцияларды теңгеде жүзеге асыру қамтамасыз етілмек.

Одан бөлек, Алматы мен өзге де өңірлердегі ахуалдың тұрақталу деңгейіне қарай, сонымен бірге байланыс каналдары қалпына келгеннен кейін KASE валюталық алаңындағы сауда-саттық пен халықаралық төлемдер мен аударымдар жүргізуді қалпына келтіру шаралары қолға алынбақ.

"Осыған байланысты екінші деңгейдегі банктер мен уәкілетті ұйымдардағы айырбастау орындарының қызметі олардың қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігі мен ғимараттың тұтастығын сақтау мақсатында уақытша тоқтатылады", - делінген Ұлттық банк хабаралмасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1950128-qazaqstanda-valyuta-aiyrbastau-oryndarynyn-zumysy-uaqytsa-toqtatyldy/