Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктен кейін доллар қымбаттап кетті

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан қор биржасында валюталық сауда-саттықтың 2022 жылдағы және елдегі жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі алғашқы сессиясы жабылды. Оның қорытындысы бойынша, доллар 1,76 теңгеге өсті, деп хабарлайды KASE ресми сайты.

12 қаңтар күні таңертең Қазақстанда доллар 433,6 теңге болып отыр. Бұл 31 желтоқсан күнгі соңғы сессияға қарағанда 1,76 теңгеге қымбат.

Өткен жылдың соңғы күнінде америкалық валютаның бірлігі 431, 84 теңгеге сатылған еді.

Ал ресейлік рубль дәл қазіргі уақытта 5,76 теңге тұрады.

NUR.KZ айырбастау курсының парақшасындағы мәліметке сүйенсек, елорда тұрғындары бүгін бір долларды 436-436,5 теңгеге сатып ала алады.

Алматы мен Шымкентте доллар дәл осындай баға: мұнда бір америкалық валюта 436-437 теңге тұрады. Ал банктер мен айырбастау пунктері долларды 431-436 теңгеге сатып алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1950739-qazaqstanda-zappai-tartipsizdikten-keiin-dollar-qymbattap-ketti/