Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп шығындарын арттыру жоспарланып отыр

Жарияланған күні:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Алматыда қала бюджетін қайта қарау жоспарланып отыр. Мегаполис мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы "Алматы қаласының бюджеті туралы" шешіміне түзетулер жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджетін, соның ішінде 2022 жылға арналған бюджетті төмендегідей бекіту ұсынылады:

Кірістер– 1 035 714 024 мың теңге (бұрынғы редакцияда 1 030 714 024 мың теңге), оның ішінде:

  • Салық түсімі – 818 018 325 мың теңге (бұрын 813 018 325 мың теңге болды);
  • салыққа жатпайтын түсім - 4 099 585 мың теңге;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсім - 35 369 200 мың теңге;
  • трансферттер түсімі-178 226 914 мың теңге;

Шығын - 982 930 532 мың теңге (бұрын 977 930 532 мың теңге болды).

Таза бюджеттік кредиттеу - 14 097 244 мың теңге.

Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 41 099 396 мың теңге, оның ішінде:

  • қаржы активтерін сатып алу - 41 436 396 мың теңге;
  • бюджет тапшылығы (профициті) – -2 413 148 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 413 148 мың теңге.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге шығындар - 8 025 934 мың теңге.

Қорғаныс шығындары-6 354 778 мың теңге.

Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметін қамтамасыз ету бойынша шығындар – 24 786 119 мың теңге (бұрын 21 786 119 мың теңге болды).

Білім беру шығындары - 280 527 597 мың теңге.

Денсаулық сақтау шығындары - 41 235 175 мың теңге.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар сомасы - 36 299 879 мың теңге.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары – 140 358 266 мың теңге.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке шығындар-33 034 927 мың теңге.

Отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға арналған шығындар – 21 585 731 мың теңге.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына шығындар – 7 455 360 мың теңге.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне шығындар – 3 674 594 мың теңге.

Көлік және коммуникация шығындары - 112 173 639 мың теңге.

Басқа да шығындар - 75 783 602 мың теңге (бұрын 73 783 602 мың теңге болды).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1951013-almatyda-qauipsizdik-pen-qogamdyq-tartip-sygyndaryn-arttyru-zosparlanyp-otyr/