Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікті 4 пайызбен несиеге алу": "Оператор РОП" шотындағы қаржы қайда жұмсалуы мүмкін

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы қайта енгізілуі мүмкін. Бұл бағытқа "Оператор РОП-тың" ("ӨКМ Операторы") шотында жинақталған қаржыны пайдалану мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инновациялық даму вице-министрі Марат Қарабаев "Хабар" арнасының "Большая неделя" бағдарламасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, үкімет жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасын қайтадан қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Себебі бағдарлама аясында 2015 жылдан 2018 жыл аралығында мемлекеттен 82 млрд теңге бөлінген болатын.

Сол уақытта қазақстандықтар отандық автокөліктің 30 мың данасын сатып алды.

"Оператор РОП-тың" шотында жинақталған қаражатты халыққа 4 пайызбен автонесие рәсімдеуге бағыттау ұсынылып жатыр. Бұрын 20% мөлшерінде алғашқы жарна міндетті еді. Ендігі кезекте бастапқы жарнасыз несие рәсімдеу жағы қарастырылуда. Сол кезде Қазақстанның қарапайым азаматына автосалонға келіп, бір теңге де төлемей, көлікті 4%-бен алып кету мүмкін болады", - деді Марат Қарабаев.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес "Оператор РОП" жұмысы тоқтатылды. Жаңа оператор болып мемлекеттік ұйым "Жасыл даму" акционерлік қоғамы тағайындалды. Қазақстанда кәдеге жарату алымы бойынша мөлшерлемелер ақпан айының соңына дейін бекітіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1952910-kolikti-4-paiyzben-nesiege-alu-operator-rop-sotyndagy-qarzy-qaida-zumsaluy-mumkin/

pixel