Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасыл даму" АҚ утильалымды уақытша қабылдамайтын болды

Жарияланған күні:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Утилизациялық алымның жаңа операторы "Жасыл Даму" АҚ утилизациялық алымды уақытша қабылдамайды. Бұл туралы кәсіпорынның Instagram парақшасында ресми хабарланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған құзыретті органдар тексеру жүргізіп жатқан "Оператор РОП" өндірушілерінің әкімшілендіруге қатысты өзінің барлық міндеттерін табыстамағандығы себеп болып отыр.

Осыған байланысты "Жасыл Даму" АҚ уақытша келесі қызметтерді көрсетпейді:

  • утилизациялық алым төлемдерін қабылдау;
  • ВЭТС/ВЭССХТ қабылдау;
  • ескі техниканы утилизациялық алымға тапсырғаны үшін өтемақы төлеу;
  • қалдықтарды жинаушыларды, тасымалдаушыларды және қайта өңдеушілерді субсидиялау;
  • экологиялық кодексте көрсетілген басқа да қызмет түрлері.

"Барлық ұйымдастырушылық және заңнамалық процесстер аяқталғаннан кейін, "Жасыл Даму" АҚ серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуге толық қол жеткізгеннен кейін барлық міндеттемелер орындалатын болады. Қызметтерді қазіргі уақытта іске асыру бізге байланысты емес. Барлықтарыңыздан түсіністікпен қарап, қызметтің қайта жандануын күтулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Компанияда ақпараттық жүйелер жұмысының жандануы туралы қосымша хабарланатын болады.

Еске салсақ, 19 қаңтарда "Оператор РОП" утиль алымын әкімшілендіру және тиісті құралдарға билік ету бөлігінде өз қызметін тоқтатқан болатын. Осыған байланысты Қазақстанда көліктерді утилизацияға қабылдау жаңа мөлшерлемелер бекітілгенге дейін уақытша тоқтатылды.

Утилизациялық алымға қатысты жаңа мөлшерлеме ақпан айының соңына дейін бекітіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1953521-zasyl-damu-aq-utilalymdy-uaqytsa-qabyldamaityn-boldy/