Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанда цифрлық теңге пайда болатынын айтты

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкіметтің кеңейілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық теңгенің пилоттық жобасы туралы айтып берді. Айтуынша, 2022 жылы оның соңғы үлгісі жасалып, ұлттық төлем жүйесін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2021 жылы Ұлттық банк цифрлық теңгені қолданысқа енгізу жөнінде пилоттық жоба жасау туралы бастама көтерді. Қазіргі күні платформаның прототипін әзірлеу жұмыстары аяқталып, 2021 жылдың желтоқсан айында пилоттық жоба нәтижелері бойынша қорытынды баяндама жарияланды. Биыл цифрлық теңгені енгізу үлгісі бойынша қорытынды шешімдер әзірленіп, оның пайдасы мен шығындары бағаланады", - дейді Ғалымжан Пірматов.

Сонымен бірге, ол 2022 жылы ұлттық төлем жүйесі іске қосылатынын мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2021 жылы Ұлттық банк Ұлттық төлем жүйесінің компоненттері - Карталық транзакцияларды өңдеуге арналған төлем карталарының халықаралық жүйелері мен Мобильді онлайн төлемдер бойынша қызмет көрсетуге арналған жедел төлемдер жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.

Ұлттық төлем жүйесінің қызметіне қажетті нормативті-құқықтық база жасалды. Ол биыл 1 шілдеге қарай толыққанды іске қосылмақ", - дейді Пірматов.

Еске салсақ, бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы болып өтіп жатыр.

Онда Тоқаев қаңтарда орын алған оқиғалар қазақстандықтардың өмірін түбегейлі өзгерткенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955119-ulttyq-bank-toragasy-qazaqstanda-cifrlyq-tenge-paida-bolatynyn-aitty/

pixel