Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозымбаев пен Ақышев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығарылды

Опубликовано:

Самұрық- Қазына
Фото: "Самұрық- Қазына" қоры

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының ресми сайты Кase.kz-ке сілтеме жасап.

"Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Нұр- Сұлтан) KASE Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен компанияның Директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады:

- Бозымбаев Қ.А., Ақышев Д.Т., шығарылды;

- Сүлейменов Т.М.- сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқармасы алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Қуантыров А.С., Сатқалиев А.М., Сүлейменов Т.М", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955183-bozymbaev-pen-aqysev-samuryq-qazyna-direktorlar-kenesinen-sygaryldy/

pixel