Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік ақылы жолдардан қанша қаражат түскенін жариялады

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/ Медина Куракова

Өткен жылы елде ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: "Нұр-Сұлтан - Теміртау", "Нұр-Сұлтан - Щучинск", "Алматы - Қапшағай" және "Алматы - Қорғас" республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті.

Сонымен қатар, елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады.

Олар: "Тараз – Қайнар", "Шымкент – Қызылорда", "Шымкент – Тараз", "Шымкент – Өзбекстан шеккарасы", "Талдықорған – Қапшағай", "Көкшетау – Щучинск", "Нұр-Сұлтан – Павлодар" автожолдары.

Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңгені түсті.

Министрлік мәліметінше, жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955556-ministrlik-aqyly-zoldardan-qansa-qarazat-tuskenin-zariyalady/

pixel