Әділет министрлігі: Шетелге шығарылған 530 млн доллар елге қайтарылды
Опубликовано:

Өткен жылы әділет министрлігі шетелге шығарылған 530 млн доллар елге қайтарылуына себепкер болған. Вице-министр Азамат Әмірғалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай ақпарат айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"460 млн доллардан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалып, екі дау бойынша 530 млн доллар елге қайтарылды", - деді вице-министр.
Айтуынша, әділет министрлігі тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға 8 мыңнан астам куәлік, ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне 12 мыңнан астам қорғау құжаты берілген.
"2021 жылға арналған республикалық бюджеттен министрлікке 53 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді", - деп түйіндеді Азамат Әмірғалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955698-adilet-ministrligi-setelge-sygarylgan-530-mln-dollar-elge-qaitaryldy/