Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл кейбір елордалықтарға мереке күндеріне орай ақшалай көмек беріледі

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының кейбір санаттарына 2022 жылы мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, бұл туралы елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек басқармасы хабарлаған.

  • 2,5 АЕК (7 657 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға төленеді:
  • 4 ақпан (Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні) – әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға, қатерлі ісікке шалдыққан балаларға;
  • 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) – көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, соның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға;
  • 21-23 наурыз (Наурыз) – ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан алдындағы айрықша еңбегі үшін зейнетақы алатындар қатарындағы зейнет жасындағы адамдарға;
  • 31 мамыр (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) – саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болған саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендерге;
  • 1 маусым (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;
  • 30 тамыз (Конституция күні) – Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккендерге, соның ішінде ядролық сынақтардан келген шығын үшін біржолғы өтемақы алатындар мен зейнеткерлерге;
  • 1 қазан (Қарттар күні) – ең төмен зейнетақы алатын, зейнет жасына байланысты зейнетке шыққандар мен зейнет жасындағы адамдарға;
  • қазан айының екінші жексенбісі (Мүгедектер күні) – мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
  • 1 желтоқсан (Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні) – әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын, ВИЧ-ке шалдыққан азаматтарға;
  • 16 желтоқсан (Тәуелсіздік күні) – "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңда белгіленген тәртіппен ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

Сонымен қатар, тұрмысы төмен азаматтарға 1 желтоқсанға (Тұңғыш президент күні) орай 4,5 АЕК (13 784 теңге) беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1956968-biyl-keibir-elordalyqtarga-mereke-kunderine-orai-aqsalai-komek-beriledi/

pixel