Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда күнбағыс майының қымбаттау себебі белгілі болды

Опубликовано:

Сұйық май
Көрнекі фото: РИА Новости

2020 жылдың қазанынан бастап Қазақстанда күнбағыс майы бағасының өскені байқалды. Бұл өнім кемінде 1,7 есеге қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі отандық тауар өндірушілер халықтың сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр деген пікірде. Импорттық өнімнің үлесі 30 процентті құрайды.

Агенттік мәліметі бойынша, бағаның өсуіне шикізатты сатып алу құнының артуы әсер етті. Сонымен қатар әлемдік баға, егіннің аз түсімі, суды сатып алу құнының өсуі, импортқа тәуелділік те ықпал етті.

"Осы нарықтағы бәсекелестікті дамытуға әкімшілік кедергілер тосқауыл болып отыр"¸- деп мәлімдеді ведомство.

Талдау деректері негізінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұлттық экономика министрлігіне 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендетуге бағытталған шаралар кешені бойынша ұсыныстар жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957081-qazaqstanda-kunbagys-maiynyn-qymbattau-sebebi-belgili-boldy/

pixel