Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде утильалымның жаңа мөлшерлері 23 ақпанда жарияланады

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: Pixabay.com

Утиль алымның жаңа мөлшерлері 23 ақпанда жарияланады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Оның айтуынша, қалдықтарды жинаудың жаңа тарифтері анықталған. Бұл ретте ол "Жасыл даму" жаңа кәсіпорнына РОП операторының есепшотында бар 220 миллиард теңгеге жуық қаражат аударылғанын түсіндірді.  

"Ертең атомобиль және ауыл шаруашылығы техникалары үшін утиль алым мөлшерлемелері жарияланады. Ал "Оператор ӨКМ" компаниясынан мемлекетке берілген ақша туралы ақпарат бәріне мәлім деп ойлаймын.

"Оператор ӨКМ" компаниясының екінші деңгейлі банктердегі шоттарында шамамен 220 млрд теңге болған.

Қаулы бойынша бұл ақша "Жасыл дамуға" берілді. Ол ақшаның қаншасы жеңілдетілген автонесиеге бөлінетіні заңнама нормалары бойынша қараймыз", - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957339-elimizde-util-alymnyn-zana-molserleri-23-aqpanda-zariyalanady/

pixel