Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына утильалым 50 пайызға төмендейді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утильалым мөлшерлемесі 50 пайызға төмендейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол "Хабар 24" арнасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Атамекен" ҰКП алаңында осы мәселе 4 немесе 5 мәрте талқыланды. Экология, геология мен табиғи ресурстар және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері ұйымдастырған бұл талқылауларға сарапшылар қоғамдастығы, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар да қатысты.

Бұған қатысты пікірлер өте көп. Утильалымды мүлдем алып тастап, біздің отандық авто құрастыру саласын дискредитация жасау мақсатында елге қоқыстағы автоларды әкелуді ұсынғандар да болды.

Десе де, осының барлығы таразыланып, шешім шығарылды. Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі бізге автокөліктің барлық түрлері мен өндірілетін ауылшаруашылық техникаларына салынатын утилизациялық алым мөлшерлемесін 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. ", - деп мәлімдеді ол.

Одан бөлек, Склярдың айтуынша, "Жасыл Дамудағы" 100 млрд теңге жеңілдетілген автонесие беруге бағытталатын болады. Несиенің жылдық мөлшерлемесі - 4 пайыз, бастапқы жарна қажет етілмейді.

Несие жеті жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл бағдарламамен еліміздің 71 мың азаматы несиеге көлік алу мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, 30 млрд теңге автобустық паркті жаңартуға бағытталатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957485-avtolik-zane-auyl-saruasylygy-texnikasyna-utilalym-50-paiyzga-tomendeidi/

pixel