Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банк ВТБ Қазақстан қабылданған шектеулер клиенттердің қаражатының сақталуына әсер етпейтінін хабарлады

Опубликовано:

VTB
Фото: VTB

Банк ВТБ Қазақстан қазіргі уақытта өтімділік пен капиталдың жоғары деңгейін сақтай отырып, қаржылық қызметтердің негізгі түрлерін ұсынуды жалғастыруда. Қабылданған шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қол жетімділігіне әсер етпейді.

"Барлық шоттар белсенді және клиенттердің қаражаттары Банк бөлімшелерінде де, қашықтан басқару арналарында да қол жетімді.

Оларды Қазақстан аумағында ұлттық валютамен барлық операцияларды жүргізу үшін бұрынғысынша толық көлемде пайдалануға болады. Банк клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындайды. Қолма-қол ақшаны елдің бүкіл аумағындағы ВТБ кез келген банкоматынан және серіктес банктерден алуға болады. Қазір шетелде жүрген клиенттерге қолма-қол ақша алу немесе басқа банктің карталарымен төлеу ұсынылады.

Заңды тұлға болып табылатын клиенттерге Сіздің ұйымыңыздың Банк ВТБ (Қазақстан)-да қызмет көрсетуі шеңберінде АҚШ долларымен және еуромен кез келген операциялар мен есеп айырысуларды жүргізуден уақытша қалыс қалуды ұсынамыз", - деді банкте.

2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1957995-bank-vtb-qazaqstan-qabyldangan-sekteuler-klientterdin-qarazatynyn-saqtaluyna-aser-etpeitinin-xabarlady/

pixel