Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің қор биржасында доллар 495 теңгеге дейін өсті

Опубликовано:

АҚШ доллары
Фото: pixabay.com

Кейбір қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қайта сатылып жатыр. Оларда доллардың бір данасы 495 теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның қор биржасы ұсынған соңғы мәліметтерге көз жүгіртсек, доллардың орташа бағамы 495 теңгені құраған.

Шетел валютасы тәулік ішінде 28 теңгеге қымбаттап отыр.

Kurs.kz сайтында деректер сәл өзгеше. Онда Алматының бірқатар ақша айырбастау орындарында доллардың 496-502 теңге аралығында сатылып жатқаны жазылған.

Ал шетел валютасын сатып алу 490-496 теңге.

Еуро болса, Алматыда 542-557 теңге аралығында сатылуда. Ал оны сатып алу 535-550 теңге.

Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында шетел валюталарын саудалау әлі басталған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958437-elimizdin-birzasynda-dollar-495-tengege-deiin-osti/

pixel