Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде утилизациялық алымның жаңа мөлшері қанша болуы мүмкін

Опубликовано:

Көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер мен импорттаушылардан алынатын утилизациялық алым төлемі базалық мөлшерлемеге және әртүрлі коэффициенттерге байланысты болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жасыл даму" АҚ сайтының мәліметінше, утилизациялық алым төлемінің базалық мөлшерлемесі төмендейтіні көрсетілген. Бастапқыда 50 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең болса, енді оны 25 АЕК-ке дейін төмендетуді жоспарлап отыр.

Ақшалай есептегенде биыл 153 150 теңге және 76 575 теңге болмақ.

Өндірушілер немесе импорттаушылар төлейтін автокөліктің немесе ауыл шаруашылығы техникасының бір данасына қатысты утилизациялық алым төлемі тиісті коэффициент бойынша базалық мөлшерлеменің көбейтіндісі ретінде есептеледі. Яғни, егер коэффициент нөлге тең болса, онда сәйкесінше автокөлік үшін утильалым төлеудің қажеті жоқ.

Бұрын нөлдік коэффициент электр көліктері үшін (іштен жанатын қозғалтқышы бар гибридтерді қоспағанда) утильзациялық алым кезінде ғана қолданылды. Енді жүк көлігі тракторлары үшін утильзациялық алымды нөлге теңестіру жоспарланып отыр (жартылай тіркемелермен жұмыс істейтін жүк көлігінің түрі үшін).

Жеңіл автокөліктер

M1 санатындағы көліктерді өндірушілер мен импорттаушылар үшін, яғни сегізден аз жолаушы орындығы бар автокөліктер үшін утильалым коэффициенті қозғалтқыш көлеміне байланысты:

  • 1 000 текше сантиметрге дейін - 3 (жаңа базалық ставка бойынша 229 725 теңге);
  • 2 000 текше сантиметрге дейін - 7 (563 025 теңге);
  • 3 000 текше сантиметрге дейін - 10 (765 750 теңге);
  • 3 001 текше сантиметр және одан да көп - 23 (1 761 225 теңге).

Автобустар

М2 және М3 санатындағы көлік құралдары, яғни салмағы бес тоннаға дейінгі және бес тоннадан асатын автобустар үшін коэффициенттерге байланысты келесі сомаларды алу жоспарлануда:

  • 2 500 текше сантиметрге дейін - 8 (жаңа базалық ставка бойынша 612 600 теңге);
  • 5 000 текше сантиметрге дейін - 16 (1 225 200 теңге);
  • 10 000 текше сантиметрге дейін - 21 (1 608 075 теңге);
  • 10 001 текше сантиметр және одан да көп - 27 (2 067 525 теғге).

Жүк көліктері

N1, N2 және N3 санатындағы көлік құралдарын, яғни әртүрлі салмақтағы жүк көліктерін импорттаушылар мен өндірушілер келесі жоспарланған мөлшерлемелер бойынша утильалым төлейді:

  • 2,5 тоннаға дейін - 7 (жаңа базалық ставка бойынша 536 025 теңге);
  • 5 тоннаға дейін - 15 (1 148 625 теңге);
  • 8 тонна - 16 (1 225 200 теңге);
  • 12 тоннаға дейін – 19 (1 454 925 теңге);
  • 20 тоннаға дейін – 21 (1 608 075 теңге);
  • 50 тоннаға дейін – 41 (3 139 575 теңге).

Еске сала кетсек, электр қозғалтқышында жұмыс істейтін көліктердің жоғарыда аталған барлық түрлері үшін коэффициент қазірдің өзінде нөлге тең.

Ауыл шаруашылығы техникасы

Тракторлар үшін утильалым төлемін есептеу коэффициенттері қозғалтқыштарының қуатына байланысты 4-тен (қуаты 60 ат күшіне дейінгі тракторлар үшін) 80-ге дейін (380 ат күшінен жоғары) өзгереді. Ақшамен есептегенде жаңа базалық мөлшерлеме бойынша бұл 306 300 теңгеден 6 126 000 теңгеге дейін соманы көрсетеді.

Астық және жем-шөп жинайтын комбайндар үшін утильалым коэффициенттері 18-ден (қуаты 160 ат күшіне дейінгі техника үшін) 90-ға дейін (400 ат күшінен жоғары) болады. Бұл 1 378 350 теңгеден 6 891 750 теңгеге дейінгі сомаға сәйкес келеді.

Ескі тарифтер бойынша, әзірге утилизациялық алым үшін ең жоғары төлем шамамен 14 миллион теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958627-elimizde-utilizaciyalyq-alymnyn-zana-molseri-qansa-boluy-mumkin/

pixel