Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар арзандап, төл теңгеміз нығая түсті

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің ұлттық валютасы Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша аздап нығайды. KASE ресми сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, доллар 0,74 теңгеге арзандаған.

3 наурыздағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша елімізде бір доллар 489,57 теңгені құраған. Наурыз айының басынан бері АҚШ валютасы 55 теңгеден астам қымбаттаған.

NUR.KZ порталындағы ақша айырбастау курсы мәліметінше, өңірлердегі валюта бағамы келесідей:

  • Нұр-Сұлтанда долларды 487-492 теңгеден сатып алуда, сондай-ақ 493-498 теңгеден сатып жатыр;
  • Алматыда бір долларды 486,5-492 теңгеге сатып алса, 492,5-498 теңгеден сатылуда;
  • Шымкентте бір АҚШ валютасын 493-498 теңгеге сатып алуға болса, сондай-ақ 486-492 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі валюта бағамы туралы толығырақ ақпаратты осы сілтемеге өту арқылы алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959053-elimizde-dollar-arzandap-tol-tengemiz-nygaya-tusti/

pixel