Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниежүзілік Банк кеңесшісі: Zhas Project қатысушыларының 50 пайыздан астамы әйелдер

Жарияланған күні:

Альмира Закиева
Фото: Zhas Project

Дүниежүзілік Банктің елдік кеңсесінің білім беру бойынша кеңесшісі Альмира Закиева Zhas Project жастар корпусын дамыту жобасының аяқталуына арналған дөңгелек үстел барысында оның іске асырылу қорытындылары бойынша жиынтық есепті ұсынды, сондай-ақ жобаны Қазақстанда жалғастыруға арналған негізгі ұсыныстарды атап өтті.

«Осы жылдар ішінде біз ынта-жігер мен іске берілгендікті байқадық, онсыз қандай да бір жобаны іске асыру өте қиын. Біз ұсынатын бұл синтез жоба төңірегінде құрылған мониторинг пен бағалау жүйесінің арқасында мүмкін болғанын атап өткім келеді. Жобаны басқару тобы мен Үйлестіру агенттігі көп мәлімет жинады, біз бүгін оның аз ғана бөлігін ұсына аламыз. Жиынтық баяндаманың мақсаты нәтижелерді синтездеу болып табылады», - деп атап өтті Альмира Закиева.

Дайындалған жиынтық баяндаманың мақсаты жобаны іске асыру барысында жиналған деректердің нәтижелерін синтездеу болды.

Zhas Project Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, жастардың дамуын қолдау, ересек өмірге көшу және қоғамдастықтың өміріне қатысуды арттыру үшін әзірленді. Бағдарлама швейцариялық траст қоры қаражатының есебінен қаржыландырылды және Дүниежүзілік Банктің техникалық қолдауымен Білім және ғылым министрлігімен іске асырылды. Бағдарламаны Білім және ғылым министрлігі жанындағы жобаны басқару тобы іске асырды, ал күнделікті қызметін Үйлестіру агенттігі жүзеге асырды.

Альмира Закиеваның айтуынша, бағдарламаға қатысуға 33 мың өтініш келіп түскен, оның 30%-ы іріктеліп алынды. Қатысушылардың 55%-ы - әйел, 62%-ы - ауыл жастары, 62%-ы - NEET санатындағы жастар, 5%-ы - мүмкіндігі шектеулі жандар. Сондай-ақ, қатысушылардың 35%-ы - 18-22, ал 65%-ы - 23-29 жастағы адамдар. Жоба жұмыс істеген жылдар ішінде 9 мыңнан астам жас қазақстандық 2900-ден астам жобаны іске асырды. Жобаны бағалау бағдарламаны іске асыру барысында жиналған деректерге негізделген.

Альмира Закиева
Фото: Zhas Project

Бағдарламаның негізгі мақсаттары - жастардың, әсіресе әлеуметтік осал топтардың қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру және өмірлік дағдыларды дамыту. Қосалқы мақсаты - әлеуметтік кәсіпкерлікті мансаптың түрі ретінде оң қабылдауға ықпал ету. Бұл ретте бастапқыда жобалардың тұрақтылығы бағдарламаның мақсаты болмағанын, сондықтан жобалардың тұрақтылығын ынталандыру тетіктері жоқ екенін атап өткен жөн.

«Есепке сәйкес, Zhas Project қатысушыларының 45%-ы бағдарлама аяқталғаннан кейін өз жобаларын іске асыруды жалғастыруда, ал олардың 57%-ы өз қызметтерін тіркеді. Көшбасшылар, ерлер мен ауыл жастары жобалық қызметті коммерциялық және қайырымдылық негізде жалғастыруда. Жобалық қызметті тоқтатудың негізгі себептері: қаржының жетіспеушілігі, дағдылардың болмауы, уақыттың жетіспеуі және топтың ыдырауы. «Қолдау» әсері: сапалы деректер бағдарламаны қолдау мерзімі тым қысқа болғанын және кеңінен тәлімгерлік қолдауды қажет екенін көрсетті», - деді Дүниежүзілік Банк кеңесшісі.

Жобаның жиынтық есебінің негізгі тұжырымдары айтылды. Осылайша, қолдаудың толық көлемі - қаржыландыру, өмірлік маңызы бар дағдылар тренингі, тәлімгерлік дағдылардың дамуына және сақталуына едәуір әсер етеді. Сондай-ақ, жобадан кейін ауылдық жерлердегі жастар басқа топтармен салыстырғанда өмірлік маңызы бар дағдыларды өте аз дамытқаны анықталды.

Есеп қорытындылары бойынша, қоғамдастық өміріне тарту жастардың қабілеті мен мотивациясына да, жергілікті қоғамдастықтың пайдасына да оң септігін тигізеді. Жобаның өзі жастардың әлеуметтік кәсіпкерлікке мотивациясын ынталандырды және оны дамыту үшін қосымша құрал бола алады. Альмира Закиеваның айтуынша, жобалардың одан әрі тұрақтылығы үшін бағдарлама дизайнын жақсарту қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959825-duniezuzilik-bank-kenessisi-zhas-project-qatysusylarynyn-50-paiyzdan-astamy-aielder/