Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қай сала қызметкерлерінің орташа жалақысы өседі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым салалары жұмыскерлерінің орташа жалақысы көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Министрдің сөзінше, халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру лайықты еңбек пен масылдықтан бас тарту идеяларын ілгерілету жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қатар жүретін болады.

Осы орайда еңбек табысын арттыру бағыты аясында 22 іс-шара іске асырылатыны белгілі болды.

Еңбек табысының өсуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым салалары жұмыскерлерінің орташа жалақысы көтеріледі, деді Әлібек Қуантыров.

"Өндіріс кәсіпорындары жұмыскерлерінің табысындағы теңгерімсіздіктерді жою, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғыртуды ынталандыру, өндірістік дағдыларды дамыту бойынша бағдарламада "Өмір жолдамасы" кадрларды алдын ала даярлау жобасын өңірлік деңгейде іске асыру сияқты іс- шаралар көзделген", - деді Ұлттық экономика министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1960007-qazaqstanda-qai-sala-qyzmetkerlerinin-ortasa-zalaqysy-osedi/

pixel