Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаражатты қандай валютада сақтаған дұрыс

Опубликовано:

Ақша
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Экономист Мақсат Халық қаражатты қандай валютамен сақтау қажеттігі туралы кеңес берді, деп жазады BAQ.KZ.

"Егер қолдарыңызда доллар болса солай тұра берсін, біразын еуро, теңгемен сақтаңыз.

Депозиттен ақшаны шешкіңіз келсе бәрін емес, біраз бөлігін ғана алып қойыңыз, яғни қолма-қол ақша болсын", - дейді сарапшы.

Сонымен қатар ол елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу қажеттігін сөз етті. Сарапшы "девальвация елдегі нан бағасына әсер етпеуі керек" деген пікірде.

"Қазір нанның бағасы өсіп жатқанын байқап отырмыз. Алайда ол өспеуі керек. Теңгенің девальвация болғаны тек импорттық тауарларға әсер етеді. Ұнның 95 пайызы өзімізде өндіріледі, ол не үшін қымбаттау керек? Осы мәселеге мән беру керек", - дейді экономист.

Мақсат Халық Ұлттық банк теңгенің рубльге байлануын тежегенін, енді теңге өз алдына жеке кеме ретінде жүзетінін жеткізді.

"Көптеген азаматтар Ресейден келетін тауарлар қымбаттайды дегенге сеніп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден келетін сүт, ет өнімдері бүніннің өзінде қымбаттауда. Алайда бұл тауарлар рубльмен келеді, ал рубль құнсызданып жатыр, сол себепті бұл тауарлар белгілі дәрежеде арзанырақ болу қажет. Аталған мәселеге көңіл бөлуіміз керек. Кәсіпкерлеріміз де Ресеймен доллар емес, рубльдік келісімге өту қажет. Сонда тауарлар қатты қымбат болмайды", - деді ол.

Сөз арасында cарапшы көп уақытқа шыдайтын азық-түлік пен импорттық тауарларды сатып алып қоюға кеңес берді.

"Көбінде шеттен келетін импорттық тауарларды алып қоюға болады. Мәселен, гигеналық, тұрмыстық тауарлардың көбі бізге Ресей арқылы келген. Қазір ол жақтағы зауыттар жабылық кетіп қалды немесе шетелден де ала алмай отыр. Біздің кәсіпкерлер сол тауарды шетелден басқа арналар арқылы алып келгенше тапшылық болады", - дейді экономист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1960490-qarazatty-qandai-valyutada-saqtagan-durys/

pixel