Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады

Опубликовано:

Ақша
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде доллар бағамы тағы да көтерілді. Соңғы деректерді Қазақстан қор биржасының ресми сайты ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бір тәулік ішінде доллар 0,45 теңгеге қымбаттап, 512,19 теңге болды. KASE ұсынған ақпаратқа сәйкес, АҚШ валютасы бір айда 80,78 теңгеге көтерілген.

NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамы парақшасындағы ақпарат бойынша қазір:

  • Алматыда долларды 518-520 теңгеден сатып алуға болады, ал сату - 510-515 теңге;
  • Нұр-Сұлтанда екінші деңгейдегі банктер долларды 518-520 теңгеге сатып, 510-513 теңгеден сатып алуда;
  • Шымкентте долларды 518-520 теңгеге сатып алуға болады, ал сату - 510-513 теңгені құрап отыр.

Kurs.kz сайты ұсынған бағамда сәл айырмашылық бар.

Онда Алматыда ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 520 теңгеге сатып, 515 теңге теңгеге сатып алып жатқаны көрсетілген.

Елордалық ақша айырбастау орындары шетел валютасын 520 теңгеге сатып, 515-518 теңгеден сатып алып жатыр.

Шымкенттік ақша айырбастау орындары да долларды 520 теңгеге сатып алуда. Ал сайт мәліметінше, еліміздің үшінші мегаполисінде қазіргі уақытта доллар сатылып жатқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1960866-qazaqstanda-dollar-tagy-da-qymbattady/