Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

KASE: Елімізде доллар 1,85 теңгеге арзандады

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасында доллар арзандай түсті. Бұл туралы KASE ресми сайтында хабарлады.

18 наурыз күні таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 504,76 теңге болды.

Яғни, АҚШ валютасы 1,85 теңгеге арзандаған.

NUR.KZ порталындағы ақша айырбастау курсы парақшасындағы деректерге сәйкес, Алматыда екінші деңгейлі банктерде доллар 509-514 теңгеден сатылуда, сондай-ақ 503-509 теңгеден сатып алуда.

Ал Нұр-Сұлтанда бір долларды сату 509-510 теңгені, сатып алу 503-504 теңгені құрап отыр.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде шетел валютасын сату туралы ұсыныстардың саны артқанын жазған едік.

Тегін хабарландыру сайттарында доллар сатушылар көк қағаздың бір данасын 750-800 теңгеге дейін бағалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1961438-kase-elimizde-dollar-185-tengege-arzandady/

pixel