Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік кірістер комитеті декларация тапсыру мерзімін атады

Опубликовано:

Жалпыға бірдей салық декларациясы
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік кірістер комитеті кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету мерзімін жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасай отырып.

2021 жылдан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілуде, ол мемлекеттік қызметшілерден, оларға теңестірілген тұлғалардан, сондай-ақ олардың жұбайларынан (зайыптарынан) басталады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде кірістер мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі туралы ескертті.

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) электрондық түрде тапсыру мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйек деп белгіленді.

Декларация қағаз түрінде тапсырылатын болса, 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей табыс етілуі тиіс.

2022 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің тұлғалары ұсынады, олар 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған болатын.

Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (kgd.gov.kz) web-қосымшасы және "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде толтырып, тапсыруға болады.

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты (тұратын) жері бойынша, ал дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар орналасқан жері бойынша табыс етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1961446-memlekettik-kirister-komiteti-deklaraciya-tapsyru-merzimin-atady/

pixel