Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қор биржасында доллар тағы да арзандай түсті

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде төл теңгеміз нығая бастады. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттық нәтижесінде доллар 1,24 теңгеге арзандаған, деп хабарлайды KASE.

25 наурыз таңертең бір доллар 494,03 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде АҚШ валютасы 1,24 теңгеге арзандаған. Ал бір ай ішінде 56,84 теңгеге қымбаттады.

NUR.KZ сайтындағы ақша айырбастау курсы туралы дерекке сәйкес, Алматыда екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау орындары бір долларды 496-500 теңгеден сатса, 490-492,5 теңгеден сатып алып жатыр.

Нұр-Сұлтанда долларды банктерден 496-500 теңгеге сатып алуға болады. Сондай-ақ, 490-492,5 теңгеден сатылуда. Шымкент қаласында да дәл осындай бағалар тіркелген.

Kurs.kz порталының мәліметінше, Алматының айырбастау орындары долларды 496-499 теңгеден сатып, 490-493 теңгеден сатып алып жатыр.

Елорда тұрғындары бір АҚШ валютасын 494,8-498 теңгеден сатып ала алады. Одан бөлек, бір долларды 490-493 теңгеден сатуға болады.

Ал Шымкенттегі ақша айырбастау орындары бір долларды 497-498 теңгеге сатса, 493-494 теңгеден сатып алып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962088-qazaqstan-qor-birzasynda-dollar-tagy-da-arzandai-tusti/

pixel