Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен қазақстандықтар қанша айыппұл төлейді

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Көрнекі фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Қазақстанда жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті талап болып табылады. Егер құжаттың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. Осы орайда жеке кәулікке және паспортқа қатысты өзге де ақпараттарды толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжат ретінде әдетте екі құжат қолданылады: жеке куәлік және азаматтың паспорты.

Оларды рәсімдеу құны жыл сайын өзгеріп отырады және кейбір жағдайда әкімшілік жаза қарастырылған.

Осы орайда құжаттарды қалай және қашан ауыстыру керектігі туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы түсіндіріп өтті.

Жеке куәлік: құны мен айыппұл

Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік 16 жастан бастап 10 жыл мерзімге беріледі. Жеке басын куәландыратын құжатты алу үшін 16 жасқа толған соң, ата -анасымен бірге ХҚО-ға жүгіну қажет.

Бұл қызметтің құны айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне байланысты биыл 0,2 АЕК немесе 612,6 теңге.

Айта кетейік, құжаттың мерзімі өтіп, уақытында жеке куәлігін ауыстырмаған жағдайда 7 АЕК, яғни 21 441 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бұл ретте құжатты ауыстыру мерзімі бір айдан асып кеткен жағдайда ғана айыппұл салынады. Ал өтініш ертерек (10 күннен бір айға дейін) берілген болса, тек ескерту жасалады (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабына сәйкес).

Жеке куәлікті қалай ауыстыруға болады?

Жеке куәліктің жарамдылық мерзімі жақындаған уақытта қазақстандықтар тұрғылықты жеріне қарамастан жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) баруы қажет.

Онда ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК (612,6 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек.

Ал бірінші рет жеке куәлікті рәсімдейтіндер үшін:

  • туу туралы куәлік;
  • паспорт (болған жағдайда ғана);
  • ата-анасының біреуі халыққа қызмет көрсету орталығына бірге келу керек.

Паспорт қанша тұрады?

Елімізде паспорт тек ерікті түрде, азаматтың өтініші бойынша шетелде жеке басын растау үшін 10 жыл мерзімге беріледі.

Оны алу үшін биыл 8 АЕК, яғни 24 504 теңге төлеу керек. Қазақстан азаматы болып табылмайтын азаматтар жеке кәулік алу үшін де осы шамада ақы төлейді.

Паспорттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда ешқандай айыппұл салынбайды.

Құжаттарды жылдам алу үшін не істеу керек?

Негізінен елімізде жеке куәлік пен паспорт 15 жұмыс күннің ішінде дайын болады.

Егер құжаттарды қысқа мерзім ішінде алғыңыз келсе, онда қосымша ақы төлеп қызмет көрсету мерзімін тездетуге болады.

Қызмет құны мен құжатты беру уақыты өңірлерге байланысты:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында - бір жұмыс күнінде құжаттарды алу 4 983 теңгені, үш жұмыс күнінде алу - 2 752 теңгені құрайды;
  • облыс орталықтарында жеке куәлік немесе паспортты үш жұмыс күнінде алу үшін 4 983 теңге, бес жұмыс күнінде алу үшін 2 752 теңге төлеу қажет.
  • басқа қалалар мен аудан орталықтарында құжаттарды жеті жұмыс күнінде алу үшін 1 116 теңге төлеу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962339-zeke-kualiginin-merzimi-otip-ketken-qazaqstandyqtar-qansa-aiyppul-toleidi/

pixel