Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде номиналы 200 теңгелік банкноттар жарамды ма: Ұлттық банк жауап берді

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ел тұрғындары кәсіпкерлердің номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тартып жатқанын айтып шағымдануда. Осыған қатысты Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ұлттық банкке халықтан кәсіпкерлердің 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы өтініштер түсе бастаған.

Осы ретте, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып қалатынын, банкноттар 200 теңгелік монеталармен айналымда қатар жүретінін және төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдануға тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар Ұлттық банк бұл банкноттарды банктер мен "Қазпошта" АҚ-ның барлық бөлімшесінде, сондай-ақ ҚҰБ филиалдарында майдалауға және айырбастауға болатынын еске салды.

Банкноттар тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады. 

"Мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тартқан тарап үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.  

Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюраларды қабылдамаса, онда ҚҰБ-тың жақын маңдағы аумақтық филиалына хабарласу қажет. Сонымен бірге видеоға түсіруге немесе банкнотты қабылдаудан бас тарту себебін жазбаша талап етуге кеңес береміз", - дейді Ұлттық банктен.

Ұлттық банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс телефондары ҚҰБ сайтында көрсетілген. Қосымша сұрақтар болса, 1477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962607-elimizde-nominaly-200-tengelik-banknottar-zaramdy-ma-ulttyq-bank-zauap-berdi/

pixel