Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарыздарынан құтылуға мүмкіндік беру керек": Депутат зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тың ұсыныс жасады

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегінің осы жылға бекітілген көлемін қолдану мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуды ұсынды. Бұдан бөлек, ол пайдалану шарттарын да қайта қарау қажет екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Аманжан Жамалов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Мәжіліс депутаты ең төменгі жеткілікті шегін қайта есептеу туралы ұсыныс айтып, депутаттық сауал жолдаған.

"Бірақ, өкінішке қарай, біз сауалымызға формальды жауап алдық. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу мемлекет басшысының идеясы болғанын еске салғым келеді. Ол халықтың қолдауына ие болды. Мыңдаған азамат тұрғын үй сатып алып, ипотекасын өтеді, емделу ақысын төледі – бұл нақты әлеуметтік әсер. Жеткіліктілік шектерін 2 есе дерлік орынсыз ұлғайту іс жүзінде президент идеясының беделін түсіреді", - дейді депутат.

Айта кету керек, зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жеткілікті шектің көлемі 1 сәуірден бастап артады.

Осы ретте Аманжан Жамалов 1 сәуірге дейін мүлде аз уақыт қалғанын еске салып, бұл жағдайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БЖЗҚ үнсіз отырғанын сынады.

"Шешімдер, түсіндіру мен талқылау жоқ. Ең төменгі жеткіліктіліктің жаңа шектері тағы да халық үшін тосынсый болмақ әрі олар қазірдің өзінде "Отбасы банкте" кезекке тұр. Теңге бағамының девальвациясы мен зейнетақы жинақтарының құнсыздануы аясында шектерді ұлғайту азаматтардың наразылығы мен түсінбеушілігін туғызады", - дейді Аманжан Жамалов.

Депутат осы ретте үкіметті зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегінің қолданылу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырды.

Бұған қоса, мәжілісмен дағдарысқа қарсы және әлеуметтік шара ретінде азаматтарға зейнетақы жинақтарын автокредиттері мен тұтынушылық кредиттерін өтеу үшін пайдалануға уақытша рұқсат беруді ұсынды.

"Бұл ретте, әрине, пайдалану шарттарын нақты жазу қажет. Мәселен, егер адам шынымен де кірісін жоғалтып, кредитке қызмет көрсету бойынша қиындықтары болса, соның салдарынан азық-түлікке, киім мен балаларына үнемдесе. Бұл адам зейнетақысы туралы ойланатын жағдай емес екені анық. Өзінің жинақтарын алып, қарыздарынан құтылуға мүмкіндік беру керек", - деп тұжырымдайды депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962782-deputat-zeinetaqy-zinagynyn-biylga-arnalgan-zetkiliktilik-segin-paidalanu-merzimin-uzartudy-usyndy/

pixel