Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде инфляцияның деңгейі қаншаға жетуі мүмкін

Опубликовано:

Калькулятор мен ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков Қазақстандағы инфляцияның деңгейіне болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арыстанбековтің сөзінше, белгілі ресейлік сарапшы көрші елдегі жылдық инфляцияның деңгейі 70 пайызға баратынын хабарлаған. 

"Ресейде 70 пайыз болса, резервтегі тауарлар тапшылығы шамамен 2-3 айдан кейін сезіле бастайды. Осыған қарағанда, біздегі импорттың 40 пайызының Ресейге тиесілі екенін ескерсек, өзара байланыстылықты назарға алып, жылдық 7-8% инфляциямыз 15-20%-ға дейін баруы ықтимал", - деді институт президенті. 

Сонымен қатар ол дағдарысты мүмкіндік ретінде пайдалануға болады деп отыр. 

Одан бөлек Қайырбек Арыстанбеков Ресейге салынған санкцияның Қазақстанға әсері туралы сөз қозғады.

"Алаңдайтын негіз түбегейлі жоқ дегенімізбен, ішінара бар. Оны мойындау керек. Сыртқы саудамызбен қоян-қолтық араласып жатырмыз" - деді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962814-elimizde-inflyaciyanyn-dengeii-qansaga-zetui-mumkin/

pixel