Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар биржада шамамен 4 теңгеге арзандады

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

7 сәуір күндіз Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 459 теңгеден төмендеді. Оған KASE ресми сайтындағы деректер дәлел.

Соңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша, елде доллардың орташа бағамы 3,99 теңгеге арзандап, 458, 87 теңгені құрады.

NUR.KZ айырбастау курсының парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, елде екінші деңгейлі банктер сауда-саттықты төмендегі бағамда жүргізуде:

Нұр-Сұлтандағы банктер долларды 453 - 458,5 теңгеден сатып алып, 463 - 464,5 теңгеден сатып жатыр. Ал Алматыда олар бір америкалық валютаны 451 - 463 теңгеден сатып алып, 463 - 467 теңгеден сатуда.

Kurs.kz порталындағы деректер бойынша, Алматыдағы айырбастау нүктелері долларды 457-462,5 теңгеден сатып алса, сату бағасы 463-466 теңгені құрап отыр. Ал елордалық айырбастау орындары долларды 457,5- 462 теңгеден сатып алып, 463-465 теңгеден сатуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1964001-dollar-birzada-samamen-4-tengege-arzandady/

pixel