Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде "7-20-25" бағдарламасы ұзартылуы мүмкін

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "7-20-25" бағдарламасын ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр Қайырбек Өскенбаевтің айтуынша, бүгінде халық та, банктер де бағдарламаның жалғасқанын қолдап отыр.

"7-20-25" бағдарламасы аяқталуға таяу. Бірақ халық та, банктер де бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыруды ұсынып отыр. Біз де ол мәселені көтеріп, ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірше белгісіз. Оны әлі ақылдасып жатырмыз", - деді Өскенбаев үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасы бойынша дайын жаңа баспананы сатып алуға болады.

Алайда өтініш беруші тұлғаның атында ешқандай баспана болмауы керек. Мөлшерлеме - 7 пайыз, ең төменгі жарна - кемінде 20 пайыз, несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Бағдарламаның нақты мерзімі жоқ. Бірақ оған бөлінген 1 триллион теңге көлеміндегі соманы игергеннен кейін бағдарламаны жабу жоспарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1964647-elimizde-7-20-25-bagdarlamasy-uzartyluy-mumkin/

pixel