Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк телефон алаяқтарының көбейгенін айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның Ұлттық банкі алаяқтардың көбейгенін ескертіп, дабыл қақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы ұйымының мәліметінше, алаяқтар телефон арқылы түрлі сылтау айтып, азаматтарды дербес мобильді құрылғысына екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді.

Содан кейін олар смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алып, шот ашады, несие рәсімдейді және ақша ұрлайды.

Атап өтетін жайт, алаяқ телефон шалғанда әңгіме арасында дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді.

Пайдаланушының дербес деректеріне қатысты кез келген ақпаратқа қол жеткізу үшін қаскөйлер неше түрлі қитұрқы әрекеттерге барады, соның ішінде жалған құжаттарды ұсынуға да бейім болмақ. Яғни олар Ұлттық банк қызметкерінің жеке басын растайтын құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қаражатымен жасалатын ақшалай операцияларға тән хаттарды немесе анықтамаларды қолдан жасайды.

"Алаяқтардың түпкі мақсаты – қолға түсірген деректер арқылы ақша жымқыру және азаматтарға ауқымды материалдық залал келтіру", - делінген хабарламада.

Есіңізде болсын, Қазақстан Ұлттық Банкі:

  • жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасаспайды;
  • Қазақстан азаматының шотына қатысты қандай да бір алаяқтық әрекет, дербес деректердің жария етілуі және екінші деңгейлі банктерде несие ресімдеу секілді мәселелер бойынша жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды;
  • Ұлттық банктағы шоттар тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің және саны шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылуы мүмкін.
"Ұлттық Банктің" атынан күдікті хаттар алсаңыз немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз құқық қорғау органдарына хабар берген абзал", - деді қаржы ұйымының өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1965268-ulttyq-bank-telefon-alayaqtarynyn-kobeigenin-aityp-dabyl-qaqty/

pixel