Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар тағы да қымбаттады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Жұма, 15 сәуірде Қазақстан қор биржасында доллар бағамы күрт көтерілді. Бұған KASE ресми сайтындағы күндізгі сауда-саттық деректері дәлел.

АҚШ валютасының орташа бағамы соңғы 4,74 теңгеге қымбаттап, 454,27 теңгені құрап отыр.

NUR.KZ сайтындағы валюта бағамы туралы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде долларды сатып алу мен сату төмендегі бағам бойынша жүзеге асырылуда:

  • Нұр-Сұлтан: сатып алу – 448-452,5 теңге, сату – 458-458,5 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 448-454 теңге, сату – 457,5-458 теңге.

Сонымен қатар, Kurs.kz порталының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 456-459 теңгеден сатылып, 450-455 теңгеден сатып алынған.

Ал елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сату – 455-457 теңге, сатып алу – 450-454 теңгені құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1965295-elimizde-dollar-tagy-da-qymbattady/