Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде наурыз айындағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Опубликовано:

Қаржы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2022 жылғы наурызда Қазақстанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақасы 275 438 теңгені құраған. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы өзінің ресми сайтында хабарлады.

Өткен айда Қазақстан бойынша орташа атаулы бір айлық жалақы 2470 теңгеге өскен.

2022 жылғы ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы алдын ала деректер бойынша 143 246 теңгені құраған, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 17,3% жоғары.

Аталған кезеңде қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы 7,9%-ға артқан.

Сондай-ақ, биыл наурыз айында елімізде жұмыссыздар саны 457,4 мың адамды құраған. Осылайша, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына шаққанда 4,9%-ды құрап отыр.

Одан бөлек наурыздың соңына қарай жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 175 мың адамға жеткен, бұл жұмыс күшінің 1,9%-на тең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1965559-elimizde-nauryz-aiyndagy-ortasa-zalaqy-molseri-belgili-boldy/

pixel