Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ірі банктердің бірі қиындықтарды қалай еңсеруде

Опубликовано:

Сбер Банк
Фото: depositphotos

Банкте қаражат сақтау, ол депозит болсын, ай сайынғы жалақы болсын – әр қазақстандықтың сеніммен тапсыратын маңызды факторы. Қаржы нарығындағы кейбір банктерге қатысты белгілі бір шектеулер салынғаннан кейін тұрғындар алаңдатушылық танытты, не қаражаттарын шоттан алуды білмей, не қолма-қол ақшаны үйде сақтауды білмей сасқалақтап қалды. Туындаған мәселені NUR.KZ анықтауға тырысты.

Клиенттердің басым көпшілігі, шамамен 1,6 млн адам – Қазақстандағы СберБанктің тұтынушысы. Алаңдауларына негіз бар. Әйтсе де, көріп отырғанымыздай, банк өз міндеттемелерін жауапты түрде орындап келеді. Жақында АҚШ Қаржы министрлігі СберБанкпен мәмілені аяқтау мерзімін тағы үш айға, 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзарту туралы ақпарат жариялады, яғни, банк штаттық режимде жұмыс істейді.

Операцияларды орындау жалғасуда – банк алдын алу шараларын қолдану арқылы тұрғындар үшін маңызды қаржылық қызметтерді сақтап қалды. Мысалға, мобильді аударымдар өз жұмысын тоқтатпады. Бүгінде қазақстандықтар деректемелер бойынша өз шотынан кез келген басқа шотқа, соның ішінде басқа банктің шотына да ақша аударымын жасай алады. Sber KZ мобильді қосымшасында да төлемдер жасау мүмкіндігі сақталды.

Қолма-қол ақшаны шешіп алуға қатысты қауіп те расталмады. Клиенттердің өзіне тиесілі қаражаттарды ала алмаса байбалам салатынын түсініп, СберБанк клиенттеріне қаржыларын кез келген уақытта шешіп алуға болатынын көрсетті. Десек те, қоғамда қобалжу, алаңдау әлі де бар – банк қызметін пайдаланушылардың арасында ақшаларын шешіп алушылар жиіледі. Алайда қазіргі уақытта ақша шешуге қатысты еш қиындық жоқ. СберБанк банкоматтарын жиі толтырып отырады, ал Сбердің банкоматтар желісі саны бойынша елімізде үшінші орында тұр. Сонымен қатар банктің барлық 110 бөлімшесі өз жұмысын жалғастыруда.

Банк өзінің заңды тұлға клиенттерінің сеніміне де селкеу түсірмеді, бизнеске арналған несие желісіне бұрынғыдай қызмет көрсетіледі. Ал бұл өте маңызды, себебі оларға жұмыс істеу үшін, яғни, қызметкерлерге жалақы төлеу, тауар және қызмет ақысын төлеу, салықтық төлемдерді жасау және т.б. үшін қомақты қаражат қажет. Айта кетерлігі, бүгінде Қазақстандағы СберБанктің несиелік портфелі 1,6 триллион теңгені құрайды, бұл клиенттердің, серіктестердің және мемлекеттің алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті өтімділік көлемін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ банк бөлшек несие портфелінің төрттен бір бөлігін басқа қаржы институтына беру арқылы қосымша өтімділікке қол жеткізді. Берілген несиелер бойынша қыруар еңбек атқарылғанын ескерсек, оңай шешім болмағаны анық. Алайда нәтижесінде СберБанк қазіргі уақытта 400 миллиард теңгеден астам капиталға ие, бұл қадам клиенттерге қандай да бір қиындықсыз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Шектеулерге байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, банк ешбір пруденциалдық нормативті бұзбады. Оған қоса, шоттарында сақталған мемлекеттік және квази мемлекеттік компаниялардың қаражаттарын мерзімінен бұрын қайтарып беру туралы шешім қабылданды. Бұл қаражаттар «Даму», Қазақстанның Даму Банкі, БҰЗҚ-мен бірлесіп жасалатын жобалар бойынша жеңілдетілген несиелер беруге арналған еді.

Біздің түйгеніміз, қаржы институты салынып жатқан шектеулер қазақстандықтарға әсер етпес үшін қолынан келгеннің барлығын жасауда. Және мұны сәтті түрде жүзеге асырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1965581-qazaqstandagy-iri-bankterdin-biri-qiyndyqtardy-qalai-enserude/

pixel