Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криптовалютаға инвестицияны қалай құюға болады?

Опубликовано:

Bybit
Фото: Bybit

Криптовалютаға инвестиция құю дағдарыс кезеңінде тиімді шешімдердің бірі болып отыр, себебі басқа қаржы құралдары мұндай кезеңде тиімсіз екендіктерін көрсетті. Осыған орай, инвестиция құюда жаңадан бастап келе жатқан азаматтар криптовалютаға қаржыны қалай құюы керек әрі цифрлық активтерді қалай қауіпсіз сатуға болады деген сауалға аталған материалда жауап беретін боламыз.

Bitcoin, Ethereum немесе кез келген басқа криптовалютаны сатып алу үшін қаражат қана емес, сонымен бірге қауіпсіз инвестициялық платформа – сенімді криптобиржалар қажет.

Олардың басты рөлі – инвестор үшін ашық және қорғалған мәмілелерді қамтамасыз ету болып табылады.

Криптовалютаны сатуды қалай бастау керек

Көптеген криптовалюта биржасы бір қағида бойынша жұмыс істейді.

Мысалы, Bybit сандық платформасы, өзге де осыған ұқсас алаңдар сияқты, инвестор үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • Аккаунт құру – инвестор пайдаланушыны сәйкестендіру және қорғаныс жүйесі бар, өзінің жеке кабинетін ашады.
  • Криптожинақтау – бұл пассивті табыс алуға мүмкіндік беретін арнайы онлайн-шот.
  • Криптовалютаны сатып алу – ұлттық валютаға банк карталары немесе төлем қызметтері арқылы криптоактивтерін сатып алуға немесе айырбастауға мүмкіндік береді.

Криптобиржаларда тіркелгеннен кейін, инвесторлар сатып алынған активтер сақталатын шот алады.

Криптовалютаны сатып алу үшін тиісті бөлімге өтіп, активті таңдауыңыз керек: Bitcoin, Ethereum, USDT және т.б.

Төлем әдісін көрсетіп, қажетті үлгіні толтырғаннан кейін активтер инвестордың криптоәмиянына түседі. Оларды сатуға, жинауға, қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе биржада сатуға болады.

Сондай-ақ мұндай алаңдар жаңа қатысушыларға криптовалюта сауда-саттық саласына белсенді түрде кіруге мүмкіндік беру үшін бонустық бағдарламалар ұсына алады.

Жаңа инвесторларға арналған бонустар

Жаңадан бастаушыларға арналған сыйақылардың арасында түрлі бонустар болуы мүмкін.

Мысалы, Вybit сандық платформасы жаңа клиенттерге "Жаңа инвсеторларға сәттілік" акциясы бойынша 3000 АҚШ долларына дейін ақшалай бонустар ұсынады.

Ол үшін биржада тіркеліп, акцияға "Қатысу" батырмасын басу қажет. Бұдан әрі сыйақы инвестордың депозиттік шотына ақша салуына қарай түсетін болады.

Сол сияқты, 1 АҚШ долларынан астам сомада алғашқы депозит ашқаны үшін (кез келген қолайлы активте) сыйақы 10 АҚШ долларын құрайды.

Келесі 7 күн ішінде бонус мөлшері ақшаны салған сайын бірге өседі және ол 3000 АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Бонустық науқанға қатысу мүмкіндігі – 2022 жылдың 31 мамырына дейінгі кезең.

Ал аталған мерзімнен кейін салынған сома ескерілмейді. Десе де криптобиржа әрқашан жаңа тиімді акциялар мен арнайы оқиғаларды ұсынып отырады, онда сіз өз жинақтарыңызды тиімді түрде толықтыра аласыз және криптоинвестициялардың басқа да құралдарын меңгере аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1966167-kriptovalyutaga-investiciyany-qalai-quyuga-bolady/

pixel