Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді шығарылып жатқан криптовалютаны сатып алған тиімді ме?

Опубликовано:

Иллюстрациялық фотосурет
Иллюстрациялық фотосурет: depositphotos

Биткоиннен бөлек әлемде криптовалютаның 10 000-нан астам түрі бар. Олардың жаңа түрлері үнемі әзірленуі мүмкін. Инвестор токенді неғұрлым ертерек сатып алса, соғұрлым көп пайда таба алады. Бұл туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Криптовалюта – бұл цифрлық актив болып табылады, оны өз функциялары бойынша бағалы қағаздармен салыстыруға болады.

Мысалы, ірі компаниялардың акциялары сынды криптовалюта қымбаттап, инвесторға пайда әкелуі немесе арзандап, шығынға батыруы мүмкін.

Сіздің инвестицияңыздың табысын арттыру мүмкіндігін жоғарылату үшін токендерді олардың танымалдылығы мен құны артқанға дейін мүмкіндігінше ертерек сатып алған жөн.

Алайда криптовалютаның сенімді түрлерін «мемдік» (қауіпті) және алаяқтық түрінен ажырата білу маңызды болып қала бермек.

Жаңа криптовалютаға қалай қауіпсіз түрде инвестиция тартуға болады

Криптовалютаны уақытында сатып алу – әлеуетті пайда мөлшерін арттыру. Мысалы, биткоин оны шығару кезінде 0,00001 АҚШ долларынан аз болды. Ал қазір оның бағасы бір токен үшін 40 мың АҚШ доллары деңгейінде тұр.

Десе де болашағы бар әрі қауіпсіз токенді табу үшін оны сатып алуға сенімді және танымал платформаны таңдау керек. Бұл арқылы сіз өзіңізді алаяқтардан қорғай аласыз.

Мәселен, Bybit криптобиржасы қазақстандықтарға танымал токендердің әр түрін ғана емес, сондай-ақ криптовалютаны оны іске қосқанға дейін тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігін ұсынады.

Осылайша биржада 11 жаңа жоба бар, оларға жалпы сомасы 2,6 млрд АҚШ долларын тұратын 500 мыңнан астам инвестор тартылды.

Бұған дейін мұндай жобалар төмендегідей инвесторларға табыс әкелді:

  • KASTA – жарияланғаннан кейінгі бірінші аптадағы орташа табыс криптовалютаның бастапқы құнының 2 089% құрады;
  • REAL – орташа табыс 1 851%-ға жетті;
  • CBX – 1 228% криптовалютаны орналастырудың бірінші аптасындағы орташа табыс осындай соманы кұрады.

Бұл ретте қазақстандықтар жаңа криптовалюта токендерін таратуға алдын ала жазыла алады. Bybit биржасы ұсынатын барлық жобалар мұқият іріктеуден өтеді және болашаққа зор үміт күттіретін криптоактив ретінде сарапшылармен бағаланады.

Жаңа криптовалюталардың тәуекелдері

Криптовалюта тәуекелі жоғары актив болып табылады. Бұл олардың зор құбылмалылығына тікелей байланысты: олар күрт қымбаттап, күрт арзандауы да мүмкін.

Сонымен бірге әзіл ретінде немесе Bitcoin немесе Ethereum баламасы ретінде құрылған «мемдік» криптовалюта түрлері (мысалы, Shiba Inu) бар.

Мұндай токендерден де көп табыс табуға болады, алайда ол олардың танымалдылығына байланысты және мұндай токендердің бағасы да тұрақсыз болады.

Сондай-ақ алаяқтықты ашық жасайтын жағдайлар да болады – олар Blockchain технологиясына негізделмеген және әдетте түрлі танымал тақырыптарға байланысты болады. Олар көп жағдайда аса танымал емес және сенімсіз криптобиржаларда сатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1966692-endi-sygarylyp-zatqan-kriptovalyutany-satyp-algan-tiimdi-me/

pixel