Қазақстандықтарды алдау үшін алаяқтар криптовалютаны қалай қолданады
Жарияланған күні:
Цифрлық активтер нарығының дамуы Қазақстандағы түрлі алаяқтық әрекеттердің кең етек жаюына алып келді. Олар қалай әрекет ететінін және криптовалюта есебінен қалай қауіпсіз түрде табыс табуға болатынын бүгінгі материалымыздан біле аласыздар.
Криптовалютаны сатып алу үшін қазақстандықтар арнайы сауда алаңдары – криптобиржаны пайдаланса болады.
Олардың кейбірі сауда-саттыққа қатысушылар үлесін арттыру мақсатында жаңа инвесторлар тарту бойынша түрлі науқандар өткізеді.
Алайда дәл осы тұста алаяқтар араласуы мүмкін. Қаскөйлерден қорғанудың негізгі ережелерін қарастырып көрелік.
Алаяқтар құрған тұзақты қалай анықтауға болады?
Алаяқтар көп жағдайда инвестициялық компаниялардың атын жамылып, қазақстандықтарды алдайды. Бұл ретте олар әлеуметтік желілерде немесе интернетте жарнама арқылы жалған ақпарат таратады.
Мәселен, олар қазақстандықтарға криптовалюта сатумен айналысатын және салымшыларға табыс әкелетін басқарушы компанияға ақша салуды ұсынуы мүмкін.
Бұл үшін арнайы жалған сайттар пайдаланып, қаскөйлер, тіпті алаяқтардың құрбандары да осы сайттардың сілтемесін таратуы мүмкін. Ал салымшыларға еш тәуекелі жоқ, 20%-дан көп табыс табуға болады деген уәдесін үйіп-төгеді.
Мұндай қулықтың артында не жатқанын анықтау үшін нағыз криптовалюталық биржаның қалай жұмыс істейтінін білген дұрыс.
Промоакцияның қауіпсіз екендігіне қалай көз жеткізуге болады
Криптовалютаны әлдебір инвестициялық компаниялар арқылы емес, әр адам арнайы криптовалюталық биржалар арқылы өз бетінше сатуы керек. Ірі сенімді компаниялар сауда көлемі бойынша рейтингтерге ие және әлеуметтік желілерде олардың өз қолданушылар тобы бар. Мұндай биржалар қауіпсіз промоакциялар өткізіп, жаңа қатысушылар тартады.
“Рефералды бағдарламалар кей инвесторларға қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. Мысалы Bybit криптобиржасының қатысушылары тек қана өздеріне ғана қолжетімді болатын арнайы сілтемені бөлісе алады. Оның көмегімен биржаның жаңа қатысушылары жасаған сауда-саттық операциялары үшін 1 020 АҚШ долларына тең бонус алуға болады», - дейді Bybit криптобиржасының мамандары.
Шақырылған жаңа қолданушы да бонусқа ие болады. Бұл тұста криптовалютаны сату немесе сатып алуды биржаның әр қатысушысы инвестор ретінде өзінің жеке аккаунтын қолдана отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Сәйкесінше, табыстылық пен тәуекелдер де өзінің стратегиясына байланысты болады. Уәде етілген сыйақыны пайдалану шарттары Bybit-те анық жазылған және кез келген уақытта Қолдау қызметі оны қайта тексере алады.
“Алаяқтардың әрекеттерінен қорғану үшін, сондай-ақ, әрдайым сілтемедегі сайттың мекен-жайын тексеріп отырған жөн. Ол Bybit немесе өзге сауда алаңының ресми парақшасына сай келуі керек», - дейді Bybit криптобиржасының мамандары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1967074-qazaqstandyqtardy-aldau-usin-alayaqtar-kriptovalyutany-qalai-qoldanady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.