Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңге сауда-саттықта біршама нығайды

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша, америкалық доллар құны төмендеді, доллар бағамы 446 теңгені құрап отыр. Мұндай мәліметтер Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланды.

Доллардың орташа бағамы 446,38 теңгені құрады. Мәселен, "америкалық" 1,25 теңгеге арзандады.

Айта кетейік, күні кеше доллар бағамы 1,43 теңгеге арзандап, 447,67 теңгені құраған болатын.

Ал NUR.KZ айырбастау бетіндегі ақпаратқа сәйкес, екінші деңгейлік банктер доллар саудасын төмендегі бағада жүзеге асыруда:

  • Нұр-Сұлтан банктері долларды 440-443 теңгеден сатып алып, 449-450 теңгеден сатса;
  • Алматыда олар бір америкалық валютаны 440-446 теңгеден сатып алып, 449-451,5 теңгеден сатып жатыр.

Kurs.kz порталының дерегіне сүйенсек, ешлорданың айырбастау нүктелерінде тұрғындар долларды 447,5-449 теңгеден сатып алып, 442-447 теңгеден сата алады.

Алматылық айырбастау нүктелерінде долларды сату бағасы 450-452 , сатып алу -440-447 теңгені құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1967510-tenge-sauda-sattyqta-birsama-nygaidy/

pixel